Новэкс Цетиризин сироп
Новэкс Цетиризин сироп
Новэкс цетиризин күшті әсер ететін антигистаминді дәрі болып табылады. Едәуір седативті әсері жоқ, аллергияға қарсы, экссудацияға қарсы, қышынуға қарсы әсер етеді.
Новэкс цетиризин Н1-рецепторлардың селективті антагонисі болып табылады, қабынған жасушалардың және эозинофилдердің көшуін азайтады, кейінгі аллергиялық реакцияларға қатысатын медиаторлардың бөлінуін бәсеңдетеді.
- Құрамы
- Қолданылуы
- Қолдану бойынша ұсынымдар
- Шығарылу түрі және қаптамасы
- Дәріханадан босатылу шарттары
- Препаратты медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулық
5 мл шәрбатта
белсенді зат:
Цетиризин дигидрохлориді 5.00 мг
Ересектер мен 2 жастан асқан балалар үшін
- жыл бойғы және маусымдық аллергиялық риниттің және конъюнктивиттің симптомдарын басуға
- есекжем симптомдарын жеңілдетуге
Препаратты ішке тағайындайды.
2-6 жас аралығындағы балаларға тәулігіне 2 рет – таңертең және кешке 2.5 мл шәрбаттан тағайындайды
6-12 жас аралығындағы балаларға тәулігіне 2 рет – таңертең және кешке 5 мл шәрбаттан тағайындайды
Ересектер мен 12 жастан асқан балаларға тәулігіне 1 рет 10 мл шәрбаттан тағайындайды
Бүйрек функциясы қалыпты егде жастағы пациенттерге дозаны түзетудің қажеті жоқ.
60 мл препараттан металл қақпақты янтарь түсті шыныдан жасалған құтыда. Әрбір құтыны өздігінен жабысатын заттаңбамен желімдейді. 1 құтыдан өлшеуіш стақанмен медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.
Рецепт арқылы.