Новэкс Домперидон таблетка

Новэкс Домперидон таблетка

Функционалды асқазан-ішек бұзылыстарын емдеуге арналған препараттар. Асқазан-ішек жолының моторика стимуляторлары. Домперидон.

Адамның зерттеулері көрсеткендей, ішке қабылдаған кезде домперидон өңештің төменгі бөліктеріндегі қысымды жоғарылатады, антродуоденальді моториканы жақсартады және асқазанның босатылуын тездетеді. Домперидон асқазан секрециясына әсер етпейді.

белсенді зат:

домперидон малеаты 12.72 мг, 10 мг домперидонға баламалы;

жүрек айну және құсу симптомдарын жеңілдету

Дозалау режимі

Жүрек-қантамыр құбылыстарының даму қаупін төмендету үшін домперидонды жүрек айнуы мен құсуды бақылау үшін қажетті ең аз тиімді дозада және барынша қысқа мерзімде қолдану керек.

Ересектер мен жасөспірімдер (дене салмағы 35 кг астам 12 жастан асқан).

10 мг – күніне 3 реттен артық емес. Ең жоғары тәуліктік доза 30 мг.

Пациенттердің ерекше топтары

Балалар

12 жасқа дейінгі балаларда домперидонды қолданудың тиімділігі анықталмаған («Фармакодинамикалық қасиеттері» бөлімін қараңыз).

12 жастан асқан және дене салмағы 35 кг-нан кем жасөспірімдерде домперидонды қолданудың тиімділігі анықталған жоқ.

Егде жастағы пациенттер

Препаратты қабылдағанға дейін 60 жастан асқан пациенттер дәрігермен кеңесу керек.

10 таблеткадан поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынады.

2 пішінді қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Рецепт арқылы

Skip to toolbar
Developed by WEBKITCHEN agency