НовэксКолд
НовэксКолд
Новэкс Колд, ішуге арналған ерітінді дайындауға арналған ұнтақ
Тұмау және суық тию симптомдарын емдеуге арналған біріктірілген препарат.
Қызуды түсіретін, ауырсынуды басатын және аллергияға қарсы әсері бар.
- Құрамы
- Қолданылуы
- Қолдану бойынша ұсынымдар
- Шығарылу түрі және қаптамасы
- Дәріханадан босатылу шарттары
- Препаратты медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулық
Бір пакетиктің ішінде:
парацетамол 325 мг
фенилэфрин гидрохлориді 10 мг
фенирамин малеаты 20 мг
аскорбин қышқылы 50 мг
дене температурасының көтерілуімен, бас, бұлшықет және буын ауыруымен, тамақтың ауыруымен қатар жүретін суық тиюді, ЖРВИ-ді, тұмауды симптоматикалық емдеу
Дозалау режимі
Ересектерге (егде жастағыларды қоса) және 12 жастан асқан балаларға әрбір 4-6 сағат сайын 1 сашеден қабылдау керек (симптомдарды жеңілдету қажет болған кезде), бірақ тәулігіне 3-4 сашеден артық қолдануға болмайды.
Пациенттердің ерекше топтары
Балалар
Препаратты балалар мен 12 жасқа дейінгі жасөспірімдерге қолдануға болмайды.
Егде жастағы пациенттер
Дозалау режимін түзету қажеттілігі туралы деректер жоқ
22 г түйіршіктелген ұнтақтан үш қабатты алюминий фольгадан жасалған пакетке салады.
10 сашеден медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салады.
Рецептісіз