Новэкс Пастилки со вкусом мяты

Новэкс Пастилки со вкусом мяты

Препарат инфекциялық-қабыну ауруларында антисептикалық әсер етеді, грамоң және грамтеріс микроорганизмдердің кең спектріне қатысты белсенді, антимикоздық (зеңге қарсы) және вирусқа қарсы әсер етеді.

Препарат ауыз қуысының шырышты қабығына жұмсартушы әсер етеді және тамақтың тітіркенуі мен ауырсынуын, оның ішінде жұтыну және сөйлеген кездегісін  азайтады.

Препарат сору басталғаннан кейін 5 минуттан соң тамақтағы ауру қарқындылығын төмендетеді. Ауыруды басатын әсері 2 сағатқа дейін созылады.

Бір таблетканың құрамында

Белсенді заттар:

Амилметакрезол 0.602 мг,

2,4-Дихлорбензил спирті 1.206 мг.

  • ауыз қуысы мен тамақтың инфекциялық-қабыну ауруларын симптоматикалық емдеу:
  • фарингит, ларингит, тонзиллит
  • қызыл иектің және ауыз қуысының шырышты қабығының қабынуы (гингивит, стоматит)

Ересектер: әр 2-3 сағат сайын бір таблеткадан баяу сорыңыз. 24 сағат ішінде 8 таблеткадан артық қабылдауға болмайды.

Егде жастағы адамдар: егде жастағы адамдарда дозаны азайтудың қажеті жоқ.

Енгізу әдісі мен жолы

Таблеткаларды тістемей, баяу сору керек.

Емдеу ұзақтығы

Емдеу курсы қабыну симптомдарының жойылуына байланысты және 5 күннен аспайды.

Егер дәрілік затпен 5 күн емдегеннен кейін симптомдар жойылмаса немесе күшейіп кетсе, пациент дәрігермен кеңесуі тиіс.

12 таблеткадан поливинилиденхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынады.

2 пішінді қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Рецептісіз

Skip to toolbar
Developed by WEBKITCHEN agency