Новэкс Монтелукаст

Новэкс Монтелукаст

Тыныс алу жолдарының обструкциялық ауруларын емдеуге арналған препараттар. Тыныс алу жолдарының обструкциялық аурулары кезінде жүйелі әсер ететін басқа препараттар. Лейкотриенді рецепторлар антагонистері.

Белсенді зат:

10,4 мг натрий монтелукасты (10 мг монтелукастқа баламалы)

  • ауырлық дәрежесі жеңіл және орташа персистирленетін демікпесі бар 15 жастан асқан пациенттерде бронх демікпесінің негізгі еміне қосымша (қажет болған жағдайда қолданылатын қысқа әсер ететін ингаляциялық кортикостероидтармен және β-агонистермен емдеудің клиникалық әсері жеткіліксіз болған кезде)
  • – аспиринге сезімтал бронх демікпесі бар пациенттерді емдеу және физикалық жүктемеден туындаған бронх түйілуінің алдын алу
  • – бронх демікпесі бар пациенттерде аллергиялық ринитті емдеу.) – кешенді ем құрамында

Демікпесі бар немесе демікпесі бар және маусымдық және жыл бойғы аллергиялық риниті бар 15 жастағы және одан үлкен пациенттер үшін бір реттік доза тәулігіне, кешке 10 мг (1 таблетка) құрайды.

Жалпы нұсқаулар

Новэкс Монтелукаст препаратының емдік әсері бронх демікпесінің ағымы көрсеткіштерінің өзгеруімен бірінші күн ішінде дамиды.

Пациент тіпті егер демікпенің бақылануына жетудің сәті түссе де, сондай-ақ демікпе ағымы нашарлаған кезеңдерде де Новэкс Монтелукаст қабылдауды жалғастырғаны жөн. Новэкс Монтелукаст препаратын құрамында дәл осы әсер етуші зат – монтелукаст бар басқа препараттармен бір мезгілде қабылдамаған жөн.

Балалар

Новэкс Монтелукаст 10 мг 15 жасқа дейінгі балаларға арналмаған. 15 жасқа дейінгі балаларда Монтелукаст 10 мг препаратының қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған.

Егде жастағы пациенттер

Егде жастағы адамдар үшін дозаны түзету қажет емес.

Қолдану тәсілі

Ішке қабылдау үшін, тәулігіне 1 рет, кешке.

14 таблеткадан Аlu-Alu типті алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салады.

1 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салады

Рецепт арқылы

Skip to toolbar
Developed by WEBKITCHEN agency