Новэкс Цетиризин таблетка

Новэкс Цетиризин таблетка

Новэкс цетиризин күшті әсер ететін антигистаминді дәрі болып табылады. Едәуір седативті әсері жоқ, аллергияға қарсы, экссудацияға қарсы, қышынуға қарсы әсер етеді.

Новэкс цетиризин Н1-рецепторлардың  селективті антагонисі болып табылады, қабынған жасушалардың және эозинофилдердің көшуін азайтады, кейінгі аллергиялық реакцияларға қатысатын медиаторлардың бөлінуін бәсеңдетеді.

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат – 10 мг цетиризин дигидрохлориді,

Ересектер мен 6 жастан асқан балаларға

  • маусымдық және жыл бойғы аллергиялық риниттің мұрын және көз симптомдарын жеңілдету
  • созылмалы идиопатиялық есекжем симптомдарын жеңілдету

Ересектер мен 12 жастан асқан балалар

Тәулігіне 1 рет 10 мг  (1 таблетка).

5 мг (½ таблетка) бастапқы дозасы симптомдарының қанағаттанарлық бақылануына алып келуі мүмкін.

-6 жастан 12 жасқа дейінгі балалар

Тәулігіне 2 рет (таңертең және кешке) 5 мг (½ таблетка).

Таблеткаларды бір стақан сұйықтықпен ішіп, жұтып жіберу керек.

-Емдеу ұзақтығын дәрігер анықтайды.

-Егде жастағы адамдар

Егде жастағы науқастарда бүйрек функциясы бұзылмаған жағдайда дозаны төмендетудің қажеті жоқ.

Поливинилхлоридті үлдірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамадағы 10 таблеткадан. 1 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшада.

Рецепт арқылы.

Skip to toolbar
Developed by WEBKITCHEN agency