НовэксКолд

НовэксКолд

Новэкс Колд, ішуге арналған ерітінді дайындауға арналған ұнтақ

Тұмау және суық тию симптомдарын емдеуге арналған біріктірілген препарат.

Қызуды түсіретін, ауырсынуды басатын және аллергияға қарсы әсері бар.

Бір пакетиктің ішінде:

парацетамол 325 мг

фенилэфрин гидрохлориді 10 мг

фенирамин малеаты 20 мг

аскорбин қышқылы 50 мг

дене температурасының көтерілуімен, бас, бұлшықет және буын ауыруымен, тамақтың ауыруымен қатар жүретін суық тиюді, ЖРВИ-ді, тұмауды симптоматикалық емдеу

Дозалау режимі

Ересектерге (егде жастағыларды қоса) және 12 жастан асқан балаларға әрбір 4-6 сағат сайын 1 сашеден қабылдау керек (симптомдарды жеңілдету қажет болған кезде), бірақ тәулігіне 3-4 сашеден артық қолдануға болмайды.

Пациенттердің ерекше топтары

Балалар

Препаратты балалар мен 12 жасқа дейінгі жасөспірімдерге қолдануға болмайды.

Егде жастағы пациенттер

Дозалау режимін түзету қажеттілігі туралы деректер жоқ

22 г түйіршіктелген ұнтақтан үш қабатты алюминий фольгадан жасалған пакетке салады.

10 сашеден медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салады.

Рецептісіз

Skip to toolbar
Developed by WEBKITCHEN agency