Вивабон сироп

Вивабон сироп

ВИВАБОН – кешенді өсімдік тектес поливитаминді шәрбат, организмнің функционалдық белсенділігін сүйемелдеуге және жақсартуға арналған.

Құрма пальмасы – зорығу, физикалық шаршау, суық тиіп ауыру кездеріне қоректік қасиеттері бар. Жұмысқа қабілеттілікті арттырады, зейін шоғырлануын күшейтеді.

Дәрілік эмблика – иммуномодуляторлық әсері бар, көп мөлшердегі биологиялық белсенді, табиғи С витамині антиоксиданттық әсерін анықтайды. Ас қорыту үрдістерін жақсартады, тәбетті арттырады. Сүйек дентині мен коллагеннің репродукциясына ықпал етеді.

 

Қысқы шие – спецификалық емес иммунитетті ынталандырады және жасушаның қуатпен қамтамасыз етілуінің артуына мүмкіндік береді, адаптоген ретінде әсер етеді.

Ұзын бұрыш – сергіткіш қасиеттері бар, тәбетті қоздырады, астың қорытылуын арттырыды.

Азиялық центелла – ақыл-ой жұмысына қабілетті арттырады, иммунитетті түрлендіретін әсері бар.

Біз тәрізді амомум –көтермелеуші әсер береді.

Дәрілік зімбір – антиоксидантты  қасиеттерге ие. Ас қорыту үдерістерін қалыпқа келтіреді, қан айналымын жақсартады.

Грек пажитнигі – жалпы нығайтатын және сергітетін қасиеттері бар. Жалпы ұйқы безі секрециясын көтермелейді, астың қорытылуын жақсартады.

Кекірегүл –қабынуға қарсы, микробтарға қарсы, спазмолитикалық және жалпы сергітетін қасиеттері бар. Ас қорытуды жақсартады.

  • Вивабон құрамында А, С, В1, В2, В5, В6, В12 витаминдері; (мыс, темір, магний, мырыш, марганец, калий, фосфор, натрий, фтор, селен және т.б.) минералдар; аминқышқылдары; пектин және тағам талшықтары бар, баланың қалыпты өсуі мен дамуына қажетті.
  • Ақыл-ой және дене дамуына ықпал етеді.
  • Зорығу, дененің шаршауы, суық тию аурулары кезінде қоректендіретін, сергітетін және жалпы нығайтатын қасиеттері бар.
  • Асқорытуды жақсартады, тәбетті ашады.

10 мл шәрбаттың құрамында, қою экстрактілері

белсенді заттар:

  • Құрма пальмасы жемістерінің                      120.0 мг
  • Дәрілік эмблика жемістерінің                       70.0 мг
  • Қысқы шие тамырларының                            25.0 мг
  • Ұзын бұрыш жемістерінің                               10.0 мг
  • Азиялық центелла жапырақтарының              25.0 мг
  • Біз тәрізді амомум жемістерінің                      10.0 мг
  • Дәрілік зімбір тамыр сабағының                      20.0 мг
  • Грек пажитнигі тұқымының                             20.0 мг
  • Кекірегүл тамырларының                                 20.0 мг
  • қарқынды өсу және даму кезеңінде гиповитаминоздардың, минералдық заттар жетіспеушілігінің профилактикасы мен емдеуде
  • балалар мен жасөспірімдер өсуінің кідіруі, дене салмағының жетіспеушілігінде
  • жоғары физикалық және эмоциялық жүктемеде
  • ЖРВИ профилактикасында
  • өткерген аурудан кейінгі сауығу кезеңінде

6 айдан 6 жасқа дейін: 1 шай қасықтан күніне 2 рет

7-ден 12 жасқа дейін: 2 шай қасықтан күніне 2 рет

13 жастан және одан үлкен: 1 ас қасықтан күніне 3 рет

Мүмкіндігінше тамақтанудан 20 минут бұрын қабылдау керек.

Емдеу курсы: 10-12 апта.

Шәрбат 120 мл