Линкас ЛОР пастилки

Линкас ЛОР пастилки

Линкас Лор соруға арналған таблеткалары – әсері оның құрамына кіретін  компоненттердің қасиеттеріне негізделген кешенді препарат.

Тамырлы адхатода муколитикалық (секреттің қоюлығы мен тұтқырлығын төмендетеді), қабынуға қарсы, бронхолитиктік (бронхтың түйілуін қайтарып, тынысты жеңілдетеді), қақырық түсіретін және демікпеге қарсы әсер етеді.

 

Жалаң мия тамырларында және тамырсабақтарында глицирризин,  глицирризин қышқылы, оның калий және кальций тұздары, олардың иммунитетті стимуляциялайтын, антиоксидантты, қабынуға қарсы және алллергияға қарсы қасиеттері бар.

Ұзын бұрыш құрамында пиперин алкалоиды бар; антисептикалық, қабынуға қарсы және қақырық түсіретін әсері бар.

Хош иісті шегіргүл микробқа қарсы әсер етеді. Ол ыстықты түсіретін (құрамында метилсалицилат бар), тыныштандыратын, спазмолитикалық және қабынуға қарсы қасиеттерге ие. Жөтелді жеңілдетеді, тітіркенуді басады және қақырықтың жылдам шығарылуына ықпал етеді.

Дәрілік сайсағыз құрамында диосмин бар және қақырықты бөліп шығаратын, терлеткіш, аллергияға қарсы, спазмолитикалық және диурездік қасиеттері бар.

Үлкен түзу қазтабан қақырықты шығарушы зат болып табылады.

  • Снижают интенсивность и тяжесть кашля.
  • Таблеткалардырды баяу сору керек, бұл орайда дәрілік заттар жұтқыншақтың шырышты қабығын біркелкі бүркемелеп, тамақтағы қабыну мен ауыру сезімдерін жеңілдетеді.
  • Таблеткалар құрамындағы дәрілік өсімдіктердің табиғи экстрактілері  қақырық түсіргіш, қабынуға қарсы, антисептикалық және ауыруды басатын қасиетке ие.
  • Апельсин, жалбыз, бал және лимон дәмімен шығарылады

Бір таблетканың құрамында

белсенді заттар: (қою экстрактілер):

  • Тамырлы адхатода жапырақтары                  30.0 мг
  • Жалаң мия тамырлары                                     7.0 мг
  • Ұзын бұрыш жемістері                                     6.0 мг
  • Жұпар шегіргүл гүлдері                                    2.0 мг
  • Дәрілік сайсағыз жапырақтары                        3.0 мг
  • Үлкен түзу қазтабан тамырсабақтары            3.0  мг

Жөтелмен және тамақтың ауыруымен қатар жүретін  тыныс алу жолдары ауруларына симптоматикалық ем жүргізуде.

Ересектерге: 1 таблеткадан 2-3 сағат сайын.

Ең жоғары тәуліктік доза – 8 таблетка.

Балаларға 6 жастан бастап: 1 таблеткадан  күніне 4 рет.

Толық ерігенше баяу сору керек. Емдеу курсы 5-7 күн.

16 таблеткадан қаптамада

 

Skip to toolbar
Developed by WEBKITCHEN agency