Линкас Плюс Экспекторант

Линкас Плюс Экспекторант

Әсері оның құрамына кіретін компоненттердің қасиеттеріне байланысты болатын кешенді препарат.

Сары жемісті алқа жөтелді жұмсартады және қақырықтың тез шығарылуына ықпал етеді. Аллергияға қарсы әсер етеді.

Тамырлы адхатода муколитикалық (секреттің қоюлығы мен тұтқырлығын төмендетеді), қабынуға қарсы, бронхолитиктік (бронхтың түйілуін қайтарып, тынысты жеңілдетеді), қақырық түсіретін және демікпеге қарсы әсер етеді.

 

Жалаң мия тамырларында және тамырсабақтарында глицирризин,  глицирризин қышқылы, оның калий және кальций тұздары, олардың иммунитетті стимуляциялайтын, антиоксидантты, қабынуға қарсы және алллергияға қарсы қасиеттері бар.

Кәдімгі насыбайгүл бактерицидтік, спазмолитикалық, жансыздандырушы және қабынуға қарсы қасиеттері бар. Тынысты стимуляциялайды, организмнің жалпы тонусын арттырады.

Жалпақ жапырақты кордия антисептикалық, ауыруды басатын және спазмолитикалық әсер береді.

Ұзын бұрыш антисептикалық, қабынуға қарсы және қақырық түсіретін әсері бар.

Дәрілік жалбызтікен бүркемелегіш, жұмсартқыш, қақырық түсіретін, қабынуға қарсы әсер береді. Өсімдік текті шырыш жұқа қабатпен шырышты қабықты жауып, бетінде ұзақ уақыт сақталады және оны тітіркенуден қорғайды.

Бәден жемістері  муколитикалық және ыстықты түсіретін әсер береді.

Линкас Плюс Экспекторант өнімді жөтел кезінде жұмсартатын және тыныштандыратын әсер береді, тұтқыр қақырықты сұйылтып, оның ұзақ уақыт бойы тыныс жолдарынан шығарылуына ықпал етеді. Бронхтардың шырышты қабатының ісінуі мен қабынуын азайтады, иммундық жүйені белсенді етеді. Сурфактант өнімінің ұлғаюының арқасында, ол өкпе бетінің тартылуын төмендетеді, альвеолалардың қызметін тұрақтандырады, экспираторлы кезеңнің соңында олардың жабысып қалуына жол бермейді, бұл газ алмасудың талапқа сай болуына мүмкіндік береді, ол тыныс бұлшықеттерінің  дем алу-демді шығару циклінің орындалуын қамтамасыз етеді. Бұдан басқа, сурфактант альвеола деңгейінде бактериялардың сіңу және қорытылу үдерісін стимуляциялайды. Линкас Плюс Экспекторанттың жұтқыншақ пен бронхтардың шырышты қабатына жергілікті антисептикалық, сондай-ақ жалпы бронхолитиктік және спазмолитикалық әсері бар.

  • Устраняет застой в груди и длительный кашель.
  • тұтқыр қақырықты сұйылтады және тыныс жолдарынан шығарылуына ықпал етеді.
  • Бронхтардың шырышты қабатының ісінуі мен қабынуын азайтады.
  • Тыныс алуды ынталандырады, дененің жалпы тонусын арттырады.
  • жұтқыншақ пен бронхтардың шырышты қабатына жергілікті антисептикалық әсері бар.
  • Қақырық тұсыретін, муколитикалық және антисептикалық, бронхолитиктік және спазмолитикалық әсер етеді.

10 мл шәрбаттың құрамында

белсенді заттар:

  • Cары жемісті алқа жемістері                                             30.0 мг
  • Тамырлы адхатода жапырақтары                                                70.0 мг
  • Жалаң мия тамырлары                                                                             15.0 мг
  • Кәдімгі насыбайгүл гүлдері мен жапырақтары                       30.0 мг
  • Жалпақ жапырақты кордия жемістері                                         10.0 мг
  • Ұзын бұрыш жемістері                                                                   10.0 мг
  • Дәрілік жалбызтікен жемістері                                                     15.0 мг
  • Бәден жемістері                                                                                       50.0 мг

қою экстрактілері бар

  • тұтқыр қақырықтың бөлінумен қатар жүретін тыныс жолдарының жедел және созылмалы ауруларында (бронхит, бронх демікпесі, пневмония)
  • шырышты сұйылтуды қажет ететін ЛОР ағзаларының қабыну ауруларында (синуситтер, трахеиттер)

Ересектерде: 1 ас қасықтан (10 мл) күніне 3 рет

Балаларда 6 жастан 18 жасқа дейін: 1 шай қасықтан (5 мл) күніне 3 рет

Препаратты тамақтануға байланыссыз қабылдайды.

Емдеу курсы – 5-7 күн

120 мл шәрбаттан құтыда

Skip to toolbar
Developed by WEBKITCHEN agency