Интеллан сироп
Интеллан сироп
Интеллан – әсері оның құрамына кіретін биобелсенді алкалоидтарға, флавоноидтарға, сапониндерге, гликозидтерге, амин қышқылдарына, дәрумендерге және қажетті микроэлементтерге бай өсімдіктерге негізделген кешенді өсімдік тектес препарат.
Гинкго билоба ми қан айналымын және мидың оттегімен қамтамасыз етілуін (антигипоксиялық қасиет) жақсартады. Тамыр кеңейтуші әсерге ие, ми тіндерінде микроайналымды жақсарта отырып, тромбоциттер агрегациясына кедергі келтіреді. Ми тіндері мен шеткергі тіндердің ісінуіне қарсы әсер етеді. Нейромедиаторлардың (норадреналин, дофамин, ацетилхолин) босап шығуына және олардың жарғақшалық рецепторлармен байланысу қабілетіне әсер етеді. Жасушалық жарғақша липидтерінің асқын тотығумен тотығуына кедергі келтіреді және бос радикалдардың (антиоксидантты әсері) әсерін бейтараптандырады.
Азиялық центелла ми қан айналымын жақсартады, миды оттегімен қамтамасыз етеді, сонысымен ақыл-ой қабілетін жоғарылатады, ойлау үдерісін жеделдетеді, жадыны жақсартады, бас ауыруын басады, сондай-ақ сөйлеу қызметін жақсартады. Ой еңбегінен, сондай-ақ дене еңбегінен шаршауды басады, мазасыздықты жойып, ширығу мен ұйқысыздықты болдырмауға көмектеседі.
Дәрілік эмблика ми қан тамырларын кеңейте отырып, мидағы қан айналысын стимуляциялайды. Пектин көмегімен қандағы холестерин деңгейін төмендетеді. Құрамында биологиялық белсенді, табиғи, жеңіл сіңетін С дәруменінің жоғары болуы антиоксидантты әсерін, стресске төзімділігін тудырады. Эритропоэзді, ақуыздардың биосинтезін стимуляциялайды, тегі мезенхималық тіндердің – сүйек дентині және коллагеннің дұрыс репродукциялануына ықпал етеді. Ас қорыту үдерісін жақсартады, тәбетті арттырады.
Біз тәрізді амомум организм қатты ширыққанда, шаршағанда және астенияда төзімділігін арттыратын адаптогендік қасиетке ие. Организмнің жалпы тонусын жоғарылатуға ықпал етеді. Тәбет жоғарылатады, ас қорыту үдерісін жақсартады.
Егістік кориандр ас қорытуды көтермелеуші әсер етеді. Тыныштандыратын, спазмолитикалық, жел айдайтын, өт айдайтын әсерге ие.
Херпестис монниер зейін қою және есте сақтау механизмдерін стимуляциялаушы әсер етеді.
- Негізгі қасиеттері
- Құрамы
- Қолданылуы
- Қолдану тәсілі және дозалары
- Шығарылу түрі және қаптамасы
- Сатып алу
- Ми қан айналымын жақсартады, ми белсенділігін стимуляциялайды.
- Ақыл-ой қызметін жақсартады.
- Танымдық функцияларды, зейін және жады стимуляциялайды.
- Оқу қабылетін жоғарылатады.
- Мазасыздануды азайтады.
- Препаратты қабылдау балалардағы психикалық-сөйлеу және моторлық даму көрсеткіштерін жақсартады.
10 мл шәрбаттың құрамында
белсенді заттар:
- Азиялық центелла шөбі қою экстрактісі 100.0 мг
- Дәрілік эмблика жемістері қою экстрактісі 40.0 мг
- Гинкго қос бөлікті жапырақтары қою экстрактісі 50.0 мг
- Біз тәрізді амомум жемістері қою экстрактісі 30.0 мг
- Егістік кориандр жемістері қою экстрактісі 30.0 мг
- Херпестис монниер шөбі қою экстрактісі 10.0 мг
кешені ем құрамында
зейін қоюдың және (немесе) жадының бұзылуы, интеллектуалды қабілеттің төмендеуі, нейросенсорлық бұзылулар (бас айналу, құлақтың шуылдауы) түрінде білінетін ми қан айналымының бұзылуларында
астениялық (психогендік немесе невроздық) жай-күйлерде, шамадан тыс ширығу және шаршағыштықта, жай өрбитін депрессиялық жай-күйлерде және үрейленудің артуында
Ересектер – 2 шай қасық тәулігіне 2 рет.
6-дан 15 жасқа дейінгі балалар –1 шай қасық тәулігіне 2 рет.
Препаратты тамақтанудан кейін қабылдайды.
Емдеу курсы 30 күн.
90 мл препараттан қорғаныш сақинамен жабдықталған қалпақшасы бар шыны құтыға құйылған.
1 құтыдан өлшеуіш стақанымен және медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынады.
120 мл және 150 мл препараттан балалардың ашып алуынан қорғайтын қалпақшасы бар янтарь шыны құтыда. Құтыға заттаңбалық қағаздан жасалған заттаңба жапсырылады. 1 құтыдан өлшеуіш стақанымен және медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынады.