Интеллан капсул

Интеллан капсул

Интеллан – әсері оның құрамына кіретін биобелсенді алкалоидтарға, флавоноидтарға, сапониндерге, гликозидтерге, амин қышқылдарына, дәрумендерге және қажетті микроэлементтерге бай өсімдіктерге негізделген кешенді өсімдік тектес препарат. Препарат жадыны, ақыл-ой қызметін жақсартады, нейротрансмиттерлік орталықты белсендіреді, мазасыздықты және депрессияны басады.

 

Гинкго билоба құрамында   флавоноидты гликозидтер және терпенлактондар бар. Ми қан айналымын және мидың оттегімен қамтамасыз етілуін (антигипоксиялық қасиет) жақсартады. Тамыр кеңейтуші әсерге ие, ми тіндерінде микроайналымды жақсарта отырып, тромбоциттер агрегациясына кедергі келтіреді. Ми тіндері мен шеткергі тіндердің ісінуіне қарсы әсер етеді.  Нейромедиаторлардың (норадреналин, дофамин, ацетилхолин) босап шығуына және  олардың жарғақшалық рецепторлармен байланысу қабілетіне әсер етеді. Жасушалық жарғақша липидтерінің асқын тотығумен тотығуына кедергі келтіреді және бос радикалдардың (антиоксидантты әсері) әсерін бейтараптандырады.

Азиялық центелла  құрамында тритерпенді сапониндер,  биофлавоноидтар бар. Ми қан айналымын жақсартады, миды оттегімен қамтамасыз етеді, сонысымен ақыл-ой қабілетін жоғарылатады, ойлау үдерісін жеделдетеді, жадыны жақсартады, бас ауыруын басады, сондай-ақ сөйлеу қызметін жақсартады. Ой еңбегінен, сондай-ақ дене еңбегінен шаршауды басады, мазасыздықты жойып, ширығу мен ұйқысыздықты болдырмауға көмектеседі.

Дәрілік эмблика құрамында көп мөлшерде С дәрумені, В1, В2 дәрумендері, никотин қышқылы, микроэлементтер, кальций, фосфор, темір, пектин болады. Ми қан тамырларын кеңейте отырып, мидағы қан айналысын  стимуляциялайды. Пектин көмегімен қандағы холестерин деңгейін төмендетеді. Құрамында биологиялық белсенді, табиғи, жеңіл сіңетін С дәруменінің жоғары болуы антиоксидантты әсерін, стресске төзімділігін тудырады. Эритропоэзді, ақуыздардың биосинтезін стимуляциялайды, тегі мезенхималық тіндердің – сүйек дентині және коллагеннің дұрыс репродукциялануына ықпал етеді.     Ас қорыту үдерісін жақсартады, тәбетті арттырады.

Біз тәрізді амомум құрамында эфир майы (а-терпинеол, мирцин, лимонин, сабинин, b-фелладрин, борнеол) бар. Организм қатты ширыққанда, шаршағанда және  астенияда төзімділігін арттыратын адаптогендік қасиетке ие. Организмнің жалпы тонусын жоғарылатуға ықпал етеді.  Тәбет жоғарылатады, ас қорыту үдерісін жақсартады.

Егістік кориандр құрамында эфир майы, борнеол, тимол, камфен, бетапинен, цитронеллол, нерол бар. Ас қорытуды көтермелеуші әсер етеді. Тыныштандыратын, спазмолитикалық, жел айдайтын, өт айдайтын әсерге ие.

Херпестис монниер құрамында алкалоидтар (брахмин, херпестин), гликозидтер, сапониндер, амин қышқылдары (аспаргинді, глютаминді, серин, терионин, аланин, глицин, лейцин) бар. Зейін қою және есте сақтау механизмдерін стимуляциялаушы әсер етеді.

Интеллан – өсімдік текті нейростимулятор, жады жақсаруына, ой еңбегі және зейін қою қабілеті жоғарылауына ықпал етеді.

Препарат ми қан айналымын жақсартады және ми белсенділігін және есте сақтау қызметін күшейте отырып, ми тіндерінің зат алмасуын стимуляциялайды.

Жұмсақ нейростимуляциялайтын әсері мазасыздануды азайтады және жай өрбитін депрессиялық жай-күйлерді емдеуге көмектеседі.

  • Ми қан айналымын жақсартады, ми белсенділігін стимуляциялайды.
  • Ақыл-ой қызметін жақсартады.
  • Танымдық функцияларды, зейін және жады стимуляциялайды.
  • Оқу қабылетін жоғарылатады.
  • Мазасыздануды азайтады.

Бір капсуланың құрамында

белсенді заттар:

  • Азиялық центелла шөбі құрғақ экстрактісі            120.0 мг
  • Дәрілік эмблика жемістері құрғақ экстрактісі        110.0 мг
  • Гинкго билоба жапырақтары құрғақ экстрактісі      50.0 мг
  • Біз тәрізді амомум жемістері құрғақ экстрактісі      50.0 мг
  • Егістік кориандр жемістері құрғақ экстрактісі         50.0 мг
  • Херпестис монниер шөбі құрғақ экстрактісі            20.0 мг

кешені ем құрамында

зейін қоюдың және (немесе) жадының бұзылуы, интеллектуалды қабілеттің төмендеуі, нейросенсорлық бұзылулар (бас айналу, құлақтың шуылдауы) түрінде білінетін ми қан айналымының бұзылуларында

астениялық (психогендік немесе невроздық) жай-күйлерде, шамадан тыс ширығу және шаршағыштықта, жай өрбитін депрессиялық жай-күйлерде және үрейленудің артуында

Ересектер: күніне 2 рет 1 капсуладан, тамақтан кейін

20 немесе 60 капсуладан бұралып жабылатын пластмасса қалпақшасы бар пластмасса құтыларда.  Құтыларға капсуламен бірге ылғал тартушы қапшық салынып, бос кеңістігі гигроскопиялық медициналық мақтамен толтырылады.

Құты медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынады.

 

Skip to toolbar
Developed by WEBKITCHEN agency