Инсти-гранулы 5 пакетов, 10 пакетов
Инсти-гранулы 5 пакетов, 10 пакетов
Инсти түйіршіктер – қақырық түсіретін, муколитикалық, бронхолитикалық, қабынуға қарсы, ыстықты түсіретін және спазмолитикалық әсері бар кешенді фитопрепарат.
Ақ тал ыстықты түсіретін, қабынуға қарсы, ауырғанды басатын әсер етеді.
Тамырлы Адхатода құрамында вазицин, вазицинон алкалоидтары бар. Бронхты кеңейтетін, қақырық түсіретін әсерге ие, қақырықтың тұтқырлығын басады және бронх эпителийлері кірпікшелерінің қозғалыс белсенділігін арттырады, бұл қақырықтың шығуын жақсартуға ықпал етеді. Сурфактант өндірілуін көтермелейді, бұл тыныс алу мускулатурасына «дем алу/дем шығару» толыққанды циклін орындау мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Гистаминнің әсерінен туындаған бронх түйілуінен қорғай отырып, демікпеге қарсы әсер етеді.
Жұпар шегіргүл антигистаминді, қақырық түсіретін, ыстықты түсіретін, терлететін әсер етеді.
Жалаң мия қақырық түсіретін және қабынуға қарсы қасиеттерге ие. Мия құрамындағы глицирризин қышқылы жергілікті, және сонымен бірге жалпы иммунитетті де көтермелей отырып, иммунитет көтермелейтін әсерді қамтамасыз етеді.
Қытай шайы тұтқыр, сергітетін, несеп айдайтын әсерге ие.
Кәдімгі Аскөк бронхтардың секреторлы функциясын күшейтеді және муколитиктік әсер етеді, сондай-ақ антисептикалық және қабынуға қарсы қасиеттерге ие.
Шар тәрізді эвкалипт антисептикалық әсерге ие, әсіресе стрептококктарға, стафилококктарға қатысты, қабынуға қарсы әсер туындатады. Регенерация үдерістерін көтермелейді, тіндердің гипоксияға төзімділігін арттырады.
Дәрілік шүйгіншөп орталық жүйке жүйесінің қозғыштығын төмендетеді, тегіс бұлшықетті ағзалардың түйілуін азайтады.
- Негізгі қасиеттері
- Құрамы
- Қолданылуы
- Қолдану тәсілі және дозалары
- Шығарылу түрі және қаптамасы
- Сатып алу
- пациенттердің жағдайын жақсартады
- Интоксикация симптомдарын әлсіретеді
- ринит, фарингит, трахеит симптомдарының жылдам басылуына ықпал етеді
- жөтелді жеңілдетеді
- Ұйқышылдық тудырмайды және жоғары көңіл бөлуді және реакциялардың жылдамдығын талап ететін қызметке әсер етпейді
- Қолдануға ыңғайлы, ыстық суда тез ериді
- Жағымды дәмі бар
- 2 дәмі бар – классикалық және лимон дәмі
1 пакет ішінде
белсенді заттар:
- Ақ тал қабығының қою экстрактісі 275 мг
- Жалаң мия тамырларының қою экстрактісі 205 мг
- Тамырлы Адхатода жапырақтарының қою экстрактісі 115 мг
- Қытай шайы жапырақтарының қою экстрактісі 50 мг
- Жұпар шегіргүл шөбінің қою экстрактісі 40 мг
Дәрілік шүйгіншөптің тамырсабақтарымен тамырларының
- қою экстрактісі 40 мг
- Кәдімгі Аскөк жемістерінің қою экстрактісі 30 мг
- Шар тәрізді эвкалипт жапырақтарының қою экстрактісі 15 мг
Жөтелмен, қызбамен, ринитпен, бас және бұлшықет ауыруларымен қатар жүретін тұмауды, ЖРВЖ симптоматикалық емдеуде.
Ересектер
Күніне 2-3 рет 1 пакеттен.
Пакет ішіндегісін бір стақан ыстық суда ерітіп және асықпай ішу керек.
Емдеу курсы 5-7 күн.
Балаларға қолдану үшін балаларға арналған Инсти препараты ұсынылады.
Пакетте (сашеде) 5,6 г түйіршіктерден.
5 және 10 пакеттен (саше) қаптамада