Инсти без сахара гранулы

Инсти без сахара гранулы

Қантсыз Инсти – қақырық түсіретін,  муколитикалық, бронхолитикалық, қабынуға қарсы, ыстықты түсіретін және спазмолитикалық әсері бар кешенді  фитопрепарат.

Ақ талдың құрамында салицин, тремулацин гликозидтері бар. Ыстықты түсіретін, қабынуға қарсы, ауырғанды басатын әсер етеді.

Тамырлы Адхатода құрамында  вазицин, вазицинон алкалоидтары бар. Бронхты кеңейтетін, қақырық түсіретін әсерге ие, қақырықтың тұтқырлығын басады және бронх эпителийлері кірпікшелерінің қозғалыс белсенділігін арттырады, бұл қақырықтың шығуын жақсартуға ықпал етеді. Сурфактант өндірілуін көтермелейді, бұл тыныс алу мускулатурасына «дем алу/дем шығару» толыққанды циклін орындау мүмкіндігін қамтамасыз етеді.  Гистаминнің  әсерінен туындаған бронх түйілуінен қорғай отырып, демікпеге қарсы әсер етеді.

 

Жұпар шегіргүл  құрамында виолин, фриделин, эфир майы бар.  Антигистаминді, қақырық түсіретін, ыстықты түсіретін, терлететін әсер етеді.

Жалаң мия  құрамында глицирризин, флавоноид, аспарагин гликозидтері бар.   Қақырық  түсіретін және қабынуға қарсы қасиеттерге ие. Мия құрамындағы глицирризин қышқылы жергілікті, және сонымен бірге жалпы иммунитетті де көтермелей отырып, иммунитет көтермелейтін әсерді қамтамасыз етеді.

Қытай шайы құрамында танин, кофеин, теофиллин бар. Тұтқыр, сергітетін, несеп айдайтын әсерге ие.

Кәдімгі фенхель құрамында эфир майлары, дипентин бар. Бронхтардың секреторлы функциясын күшейтеді және  муколитиктік әсер етеді, сондай-ақ  антисептикалық және қабынуға қарсы қасиеттерге ие.

Шар тәрізді эвкалипт құрамында эфир майлары (цинеол, пинен, миртенол, пинокарвон, эйдесмол), иіткіш заттар бар. Антисептикалық әсерге ие,  әсіресе стрептококктарға, стафилококктарға қатысты, қабынуға қарсы әсер туындатады.  Регенерация үдерістерін көтермелейді, тіндердің  гипоксияға төзімділігін арттырады.

Дәрілік шүйгіншөп құрамында эфир майлары (изовалериан қышқылы, валереналь, борнеол, а-пинен), алкалоидтар (шүйгіншөп, хатинин), сапониндер, кетондар бар. Орталық жүйке жүйесінің қозғыштығын төмендетеді, тегіс бұлшықетті органдардың түйілуін азайтады.

Инсти пациенттердің жағдайын жақсартады, жоғары температураны және жөтелдің қарқындылығын төмендетеді. Қабылдағаннан кейін 24 сағат ішінде ринит, фарингит, трахеит симптомдарының жылдам басылуына ықпал етеді. Дағдылану мен ұйқышылдықты туындатпайды. Ыстық  суда жылдам ериді.

  • пациенттердің жағдайын жақсартады
  • Интоксикация симптомдарын әлсіретеді
  • ринит, фарингит, трахеит симптомдарының жылдам басылуына ықпал етеді
  • жөтелді жеңілдетеді
  • Жоғары температураны төмендетеді
  • Ұйқышылдық тудырмайды және жоғары көңіл бөлуді және реакциялардың жылдамдығын талап ететін қызметке әсер етпейді
  • Қолдануға ыңғайлы, ыстық суда тез ериді
  • Жағымды дәмі бар
  • құрамында қант жоқ

1 пакет ішінде

белсенді заттар:

  • Ақ тал қабығы  қою экстрактісі                                                  275.0 мг;
  • Жалаң мия тамырлары қою экстрактісі                                           205.0 мг;
  • Тамырлы адхатода жапырақтары қою экстрактісі                   115.0 мг;
  • Қытай шайы жапырақтары  қою экстрактісі                               50.0 мг;
  • Жұпар шегіргүл жапырақтары қою экстрактісі                          40.0 мг;
  • Дәрілік шүйгіншөп тамырлары қою экстрактісі                         40.0 мг;
  • Кәдімгі фенхель  жемістері қою экстрактісі                                    30.0 мг;
  • Шар тәрізді эвкалипт  жапырақтары қою экстрактісі                 15.0 мг;

Жөтелмен, қызбамен, ринитпен, бас және бұлшықет ауыруларымен қатар жүретін тұмауды,   ЖРВЖ белгісіне қарай  емдеуде.

 

Ересектер

Күніне  2-3 рет 1 пакеттен.

Пакет ішіндегісін бір стақан ыстық суда ерітіп  және асықпай ішу керек.

Емдеу курсы 5-7 күн.

Пакетте (сашеде) 5,6 г түйіршіктерден.

5 және 10 пакеттен (саше) қаптамада

 

Skip to toolbar
Developed by WEBKITCHEN agency