Бонджигар капсул
Бонджигар капсул
Бонджигар – кешенді өсімдік тектес препарат, фармакологиялық әсері оның құрамына кіретін гепатопротекторлық, қабынуға қарсы, уыттануға қарсы және өт айдайтын әсер беретін белсенді компоненттер кешеніне негізделген.
Ақ вербезин гепатоуыттылыққа қарсы қасиеттері бар.
Пикрорриза курроа гистаминге қарсы, қабынуға қарсы (тромбоциттер белсенділігін тежеу жолымен) әсер етеді, өт айдайтын және антиоксидантты әсер етеді, бұдан басқа иммуномодуляциялаушы әсері бар.
Қара алқа тыныштандыратын, ауырғанды басатын, іш жүргізетін әсері бар.
Кәдімгі шашыратқы өт айдайтын, гепатопротекторлық әсері бар.
Тамарикс жыңғылы басқа гепатоқорғағыш препараттар әсерін белсенділендіреді, қан тоқтатқыш қасиеті бар.
Егістік шомыр антиоксидант ретінде әсер етеді, гепатотроптық және өт айдағыш әсері бар, бауырдың уытсыздандыру қабілетін күшейтеді, метаболизм реттелуіне ықпал етеді.
Қылқанды бөріқарақат өт айдайтын, микробқа қарсы, диареяға қарсы әсері бар.
Жайылған берхавий гепатопротекторлық, ауырғанды басатын, несеп жүргізетін әсер береді.
- Негізгі қасиеттері
- Құрамы
- Қолданылуы
- Қолдану тәсілі және дозалары
- Шығарылу түрі және қаптамасы
- Сатып алу
- Бауырдың құрылымы мен қызметін қалыпқа келтіреді
- Гепатоциттердің қалпына келуін ынталандырады
- Өт іркілісін жояды (өт айдайтын әрекет))
- Бауырды улы заттардың (алкоголь, дәрілік препараттар және т. б.) әсерінен қорғайды.)
- Ас қорыту процесін жақсартуға ықпал етеді.
Бір капсуланың құрамында
белсенді заттар:
- Ақ вербезин шөбінің қою экстрактісі 130.0 мг
Пикрориза курроа тамырсабақтары мен
- тамырларының қою экстрактісі 43.0 мг
- Қара алқа жемістерінің қою экстрактісі 25.0 мг
- Кәдімгі шашыратқы тұқымдарының қою экстрактісі 93.5 мг
- Тамарикс жыңғылы жемістерінің қою экстрактісі 48.0 мг
- Егістік шомыр тұқымдарының қою экстрактісі 32.0 мг
- Қылқанды бөріқарақат жемістерінің қою экстрактісі 76.0 мг
- Жайылған берхавий шөптерінің қою экстрактісі 52.5 мг
Кешенді ем құрамында:
- өт шығару жолдардың дискинезиясында
- созылмалы калькулездік емес холециститте
- шығу тегі әр түрлі жедел және созылмалы гепатиттерде, химиялық заттар, дәрілік препараттардың, алкогольдің жағымсыз әсерлерінен туындаған уытты гепатитте
- майлы гепатозда (соның ішінде қант диабеті кезіндегі)
- ауыр циррозында
Ересектер – күніне 2 рет 1-2 капсуладан.
Препаратты тамақтан кейін қабылдайды.
Аурудың жедел түрлерін емдеу кезінде препаратты қабылдау ұзақтығы – 2 апта.
Аурудың созылмалы түрлерін емдеген кезде – 4-6 апта.
20 және 60 капсуладан