Алфагин сироп 120 мл.

Алфагин сироп 120 мл.

Алфагин – кешенді өсімдік препараты, оның әсері құрамына кіретін өсімдіктерге негізделген.

Дәрілік эмблика тәбетті қоздырады, ас қорытуды жақсартады, эритропоэзды, ақуыздардың биосинтезін көтермелейді, шығу тегі мезенхималық тіндердің – сүйек дентині мен коллагеннің дұрыс өндірілуіне ықпал етеді. Айқын  иммуномодуляциялаушы әсері бар.

Егістік жоңышқа тұз қышқылы мен пепсиннің өндірілуін күшейту арқылы тәбетті көтермелейді. Әсіресе суық тию және инфекциялық аурулардың профилактикасында жалпы нығайтатын әсер береді. Стреске төзімділікті арттырады, қажу мен депрессия кезінде көмектеседі. Сапониндер атеросклероздың дамуының алдын ала отырып, қандағы  жоғарылаған холестерин құрамының төмендеуіне ықпал етеді, жүрек-қантамыр жүйесін нығайтады. Жоңышқа хлорофилдерге бай, олар шығу тегі әртүрлі анемияларды емдеуге мүмкіндік береді.

Грек бойданасы ас қорытуды жақсарта отырып, жалпы панкреатиндік сөліністі көтермелейді. Жалпы нығайтатын және сергітетін қасиеттері бар, организмнің дене күшін қалпына келтіреді. Гемоглобин деңгейінің жоғарылауына ықпал етеді. Бұлшықет еңбегіне қабілеттілікті арттырады.

Сібір женьшені көтермелегіш және сергіткіш әсері бар, мидың қан айналымын жақсарта отырып, ақыл-ой еңбегіне қабілеттілікті көтермелейді.  Бұлшықет еңбегіне қабілеттілікті арттырады.

Бұлшық ет жұмысқа қабілеттілігін арттырады. Жүрек – қантамыр жүйесіне тамырларды кеңейтетін әрекет және тамырлардың ішкі қабығындағы айырбастау процестерін қалыпқа келтіру есебінен жағымды әсер етеді, атеросклерозды қалпақшалардың түзілуін болдырмайды.

  • қыл-ой және дене еңбегіне қабілеттілікті арттырады.
  • жүйкенің ширығуын, шаршау мен қажуды төмендетеді
  • организмнің стресс факторларына қарсы тұру қабілетін көтермелейді.
  • Организмнің қорғаныс күшін белсендіреді, иммунитетті нығайтады
  • тәбетті арттырады.
  • Аурудан кейін тез сауығуға ықпал етеді, өткерген аурудан кейінгі көңіл күйін жақсартады.
  • Жалпы нығайтқыш және антиоксиданттық қасиеттері бар.

10 мл шәрбаттың құрамында

белсенді заттар:

  • дәрілік эмблика жемістерінің қою экстрактісі                      230 мг
  • егістік жоңышқа жапырағының қою экстрактісі                  115 мг
  • грек бойдана тұқымдарының қою экстрактісі                      115 мг
  • сібір женьшені тамырларының қою экстрактісі                     60 мг
  • жалпы әлсіздікте
  • қажу, жұмысқа қабілеттіліктің артуына қажеттілікте
  • иммунитеттің төмендеуінде, жиі суық тиюде
  • астеновегетативтік синдромда, жүйке жүйесінің тозуында, ваготонустық тип бойынша вегетотамырлық дистонияда
  • химиотерапияда, сәулемен емдеуде, созылмалы уыттануда уытты әсерді төмендету қажет болғанда
  • миокард инфарктісінен, жарақаттардан, операциялардан кейін науқастарды оңалту жүргізілгенде ұзақ уақыт демеуші емде
  • темір тапшылықты анемияның жеңіл түрлерінің профилактикасында және емдеуде
  • анорексияда,  тәбеттің төмендеуінде, дене салмағының тапшылығында
  • ауыр дене, ой және психикалық жүктемелерде.

Ересектер үшін: тамақтан соң 2 шәй қасықтан күніне екі рет

Балалар үшін: 12 жастан асқан  балаларға күніне екі рет тамақтан соң 1 шәй қасық

Қабылдау уақыты – таңертең және түсте

Емдеу курсы –  30 күн

120 мл препараттан полипропилен қақпақтары бар және балалардың ашып алуынан қорғалған янтарь түсті шыны құтыларға құйылған.

1 құтыдан өлшеуіш стақанымен және  медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынған.

 

Skip to toolbar
Developed by WEBKITCHEN agency