Алфагин капсул

Алфагин капсул

Алфагин – кешенді өсімдік препараты, оның әсері құрамына кіретін өсімдіктерге негізделген.

Дәрілік эмблика құрамында С, В1, В2 дәрумендері,  микроэлементтер, кальций, фосфор, темір, пектин бар. Биологиялық белсенді, табиғи С дәруменінің көп мөлшері антиоксиданттық қасиеттеріне негіз болады (бос радикалдардың тежегіші болып табылады). Тәбетті қоздырады, ас қорытуды жақсартады, эритропоэзды, ақуыздардың биосинтезін көтермелейді, шығу тегі мезенхималық тіндердің – сүйек дентині мен коллагеннің дұрыс репродукциясында ықпал етеді. Иммуномодуляциялаушы әсерге иеленген.

 

Егістік жоңышқа  құрамында метионинге бай жеңіл қорытылатын ақуыз, сапониндер, фолий қышқылы, A, C, D, E, K, B1, B6, B12 дәрумендері, микроэлементтер бар. Тұз қышқылы мен пепсиннің өндірілуін күшейту арқылы тәбетті көтермелейді. Әсіресе суық тию және инфекциялық аурулардың профилактикасында жалпы нығайтатын әсер береді. Стреске төзімділікті арттырады, қажу мен депрессия кезінде көмектеседі. Сапониндер атеросклероздың дамуының алдын ала отырып, қандағы  жоғарылаған холестерин құрамының төмендеуіне ықпал етеді, жүрек-қантамыр жүйесін нығайтады. Жоңышқа хлорофилдерге бай, олар шығу тегі әртүрлі анемияларды емдеуге мүмкіндік береді.

Грек бойданасы құрамында алкалоидтар (холин, тригонеллин), аминқышқылдары (лизин, лецитин, гистидин), гликозидтік сапониндер (диосгенин, тигогенин), дәрумендер (каротин, В1, С), минералдар – күкірт, кальций, фосфор, едәуір мөлшерде органикалық жеңіл қорытылатын түрдегі темір бар. Ас қорытуды жақсарта отырып, жалпы панкреатиндік сөліністі көтермелейді. Жалпы нығайтатын және сергітетін қасиеттері бар, организмнің дене күшін қалпына келтіреді. Гемоглобин деңгейінің жоғарылауына ықпал етеді.

Сібір женьшені құрамында гликозидтер болып табылатын (элеутерозидтер A, B, C, D, E деп аталатын) физиологиялық белсенді заттар бар, құрамында бұдан өзге кумарин туындылары, аралин алкалоидтары, сирингорезинол, изофраксидин, қатар жүретін заттар – эфир майы, шайыр, крахмал, полисахаридтер, липидтер, шайырлар, пектиндік заттар, дәрумендер, микроэлементтер бар. Көтермелегіш және сергіткіш әсері бар. Ми тіндерінің микроайналымын  (қан айналымын) жақсарта отырып, ақыл-ой еңбегіне қабілеттілікті көтермелейді. Липидтерді аз жұмсаудың есебінен, фосфорилденумен және бұлшықеттердегі АТФ теңгерімінің жақсы сақталуымен астасқан бұлшықет қызметін жақсартады. Көмірсу-фосфор алмасуына оң ықпалын тигізе отырып, қандағы қант мөлшерін төмендетеді (диабеттің жеңіл түрінде). Қантамыр кеңейтетін әсеріне және қантамырлардың ішкі қабығында зат алмасу үдерісін қалпына келтіруге байланысты жүрек-қантамыр жүйесіне оң әсерін тигізеді, атеросклероздық түйіндақтардың түзілуінің алдын алады.

Алфагин – өсімдік препараты, ОЖЖ-ға көтермелегіш әсер береді,  ақыл-ой және дене еңбегіне қабілеттілікті арттырады. Сергітетін әсері бар, жүйкенің ширығуын, шаршау мен қажуды төмендетеді. Бейімділік қасиеттерінің арқасында, Алфагин организмнің ішкі және сыртқы стресс факторларына қарсы тұру қабілетін көтермелейді. Иммунитетті нығайтады, тәбетті арттырады, бастан өткерген аурулардан соң хал-жайды жақсы сезінуді жақсартады. Жалпы нығайтқыш және антиоксиданттық қасиеттері бар.

  • қыл-ой және дене еңбегіне қабілеттілікті арттырады.
  • жүйкенің ширығуын, шаршау мен қажуды төмендетеді
  • организмнің стресс факторларына қарсы тұру қабілетін көтермелейді.
  • Организмнің қорғаныс күшін белсендіреді, иммунитетті нығайтады
  • тәбетті арттырады.
  • Аурудан кейін тез сауығуға ықпал етеді, өткерген аурудан кейінгі көңіл күйін жақсартады.
  • Жалпы нығайтқыш және антиоксиданттық қасиеттері бар.

Бір капсуланың құрамында

белсенді заттар:

  • дәрілік эмблика жемістерінің қою экстрактісі                  200 мг
  • егістік жоңышқа жапырағының қою экстрактісі              100.0 мг
  • грек бойдана тұқымдарының қою экстрактісі                  100.0 мг
  • сібір женьшені тамырларының қою экстрактісі               50 мг
  • астениялық жағдайлар
  • қажу, жұмысқа қабілеттіліктің артуына қажеттілік
  • иммунитеттің төмендеуі, жиі суық тию
  • жүйке жүйесінің тозуы, ваготонустық тип бойынша вегетотамырлық дистония
  • химиотерапияда, сәулемен емдеуде, созылмалы уыттануда уытты әсерді төмендету қажет болғанда
  • науқастарды оңалту жүргізгендегі демеуші ем
  • анорексия,  тәбеттің төмендеуі, дене салмағының төмендеуінде

Күніне екі рет тамақтан соң бір капсуладан.

Қабылдау уақыты – таңертең және түсте.

Емдеу курсы – 30 күн.

20 капсуладан бұралатын пластмасса қақпағы бар пластмасса құтыларда. Капсулалары бар құтыларға ылғал жұтқышы бар қапшық салынады, бос кеңістік гигроскопиялы медициналық мақтамен толтырылады.

Құтыны мемлекеттік және орыс тілдеріндегі қолдану жөніндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салады.

 

Skip to toolbar
Developed by WEBKITCHEN agency