Нимпласт созылғыш емес мата бұласыр

Нимпласт созылғыш емес мата бұласыр

Мата НиМПЛАСТ –  әртүрлі формадағы және тағайындалудағы мақта мата негіздегі бактерицидті  бұласыр. Зақымданған теріні қорғайды, инфекциялық  асқынулардың даму қаупін төмендетеді.

Бактерицидті және жараны жазатын әсер етеді. Жараның беткейіне жабыспайды. Суды кері тебетін қасиеттері бар. Бұласырды ұзақ қолдану аллергиялық және жергілікті-тітіркендіргіш құбылыстарды  туындатпайды.

 

  • Беткейлік жаралар, кесілген жерлер, сыдырылулар.
  • Терінің зақымдалуын (сыдырылуды, кесілген жерлерді, тесілулерді, сызаттарды,  күлдіреуіктер мен жәндік шаққан жерді) сыртқы әсерлерден қорғайды.

Негізі – мата лентасы – 67%.

Жастықша – акринол сіңірілген тоқылмаған материалдан жасалған жастықша – 13%.

Адгезив – табиғи каучук, синтетикалық каучук және шайыр – 20%.

 

Ашық-қоңыр мақта матадан жасалған, ортасында орналасқан сары түсті акринолды жастықша, кремнийлі қағаз және ақпараттық жазулары бар тегіс қағазбен қапталған.

Қолданар алдында теріні тазарту және құрғату керек, бұласырдың жабысқақ   беткейінен қорғаныш жабынын алып, зақымданған беткейі жастықшамен жабылып тұратындай етіп, оны құрғақ таза теріге жапсыру керек. Күн сайын ауыстырып тұру керек.

Материалдарға жекелей жақпаушылық кезінде

4 жыл.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды

Құрғақ, күн сәулесінің тікелей түсуінен қорғалған жерде, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Орташа 19 мм х 72 мм

Skip to toolbar
Developed by WEBKITCHEN agency