ДермиДок крем

ДермиДок крем

Дермидок – Крем антисептикалық бактерияға қарсы препарат. Сыртқа қолдануға арналған (Кесіктер жарақаттар және күйіктер)

  • шағын кесіктер мен сыдырылулар
  •  ұсақ беткейлік жаралар (сызаттар)
  • 1 дәрежедегі күнге күю мен термиялық күйіктер
  • жәндіктердің шағуы
  • шығу тегі инфекциялық емес күлдіреуіктер (мүйізгектер)

препарат компоненттеріне жеке жоғары сезімталдық

2 жасқа дейінгі балалар

Қолдану кезінде қажетті сақтық шаралары 

Кремді көзге тигізуге болмайды. ДермиДок кремін көзге кездейсоқ тигізіп алғанда дереу суық судың мол мөлшерімен жуып тастаңыз.

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Ақпарат жоқ

Арнайы ескертулер

Педиатрияда қолдану 

– 2 жасқа дейінгі балаларға қолдануға болмайды

Жүктілік және лактация кезеңі. 

Қолданылуы жөніндегі клиникалық деректері жоқ

Дәрілік заттардың көлік құралдарын және қауіптілігі зор механизмдерді және машиналарды басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері. 

Әсер етпейді

Кремді терінің зақымданған бөлігіне күніне 2 рет, жекелеген жағдайларда – күніне 4 ретке дейін жағады.

Кремді терінің зақымданған бөлігіне сәл ысқылап, жұқалап жағады.  Кремді қайталап қолданар алдында кремнің қалдықтарын мен жарадан шыққан бөліністерді сүртіп алу қажет.

Енгізу әдісі мен жолы 

Тек сыртқа қолдану үшін!

Емдеу ұзақтығы 

Емдеу курсы 7-10 күн (тері зақымдануының айқын білінуіне қарай).

Артық дозалану жағдайында қабылдануы қажет шаралар

Ақпарат жоқ.

ДП стандартты қолдану кезінде көрініс беретін жағымсыз реакциялар

сипаттамасы және осы жағдайда қабылдау керек шаралар
сирек:
– баяу типті аллергиялық реакциялар
– терінің тітіркенуі

25 г крем құрамында

белсенді заттар: акация Катеху ұнтағы      3.5 г

ара балы                                     0.5 г 

шай ағашының майы             1.25 мл 

табиғи камфора                       0.5 г 

қосымша заттар: мырыш  тотығы, сұйық парафин, стеарин қышқылы,  пропиленгликоль, этиленгликоль моностеараты, цетостеарил спирті, полисорбат 80, метилпарагидроксибензоат, пропилпарагидроксибензоат, тазартылған су 

Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Өзіне тән иісі бар ақшыл-қызғылт түсті крем

25 г препараттан бұралатын пластмасса қалпақшасы бар пластик сықпаға салынады.

1 сықпадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

 

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

25 ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

 

Рецептісіз

Skip to toolbar
Developed by WEBKITCHEN agency