Компания туралы
Herbion International – 1983 жылы құрылған және жоғары сапалы табиғи өсімдік препараттарын әзірлеу үшін инновациялық зерттеулерге бағытталған серпінді дамып келе жатқан фармацевтикалық компания. Компанияның мақсаты фармацевтикалық нарыққа сапалы, тиімді, химиялық қоспасыз дәрілік препараттарды әзірлеу, өндіру және жеткізу болып табылады.
Денсаулық сақтау саласындағы жетекші әзірлеуші бола отырып, «Хербион» компаниясы өсімдік шикізаты негізінде инновациялық дәрі-дәрмектерді үнемі ашып, әзірлеп және ұсына отырып, адамдардың өмір сүру сапасына елеулі әсер етуге ұмтылады. 35 жыл ішінде әлемнің 21 елінде өз қызметін жүргізіп келеді. 1997 жылға қарай «Хербион» Пәкістан шекарасынан асып, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД) елдерінде, яғни бұрынғы Кеңес Одағы елдерінде маркетингтік және коммерциялық қызметін бастады. Бірте-бірте өзінің іскерлік қатысуын бүкіл ТМД бойынша кеңейте отырып, компания Шығыс Еуропа, Қиыр Шығыс және Солтүстік Америка сияқты басқа аймақтарда да өз жайғасымын тапты. Бүгінгі таңда біздің дәрі-дәрмектеріміз 3 құрлықтың 4 өңірінде ұсынылған.
50-ден астам өніміміз бола тұрса да, біз осымен тоқтамай, жаңа, үнемі жетілдірілетін табиғи өсімдік өнімдерін жасай отырып, ғаламшар халқының денсаулығына қамқорлық жасауға бағытталған өз миссиямызды жалғастыратын боламыз. Біз кәсіби дәрігерлермен, провизорлармен, фармацевтермен жұмыс істеуге айрықша көңіл бөлеміз. Бұл көреген тәсіл «Хербион» компаниясының миллиондаған алғыс айтушы тұтынушылары бар әлемнің ең жетекші компанияларының бірінің деңгейіне дейін жылдам өсуінің қозғаушы күші болып табылады.
Herbion препараттары суық тиюдің симптоматикалық емі, жөтел және тұмау, ерлердің жыныстық денсаулығы, ас қорыту, бауыр мәселелері сияқты проблемаларды емдеуге бағытталған. Біздің барлық өнімдеріміздің қауіпсіздігі қандай да бір зиянды химиялық заттарды пайдаланбастан, табиғи сығындыларды қолдана отырып, оңтайлы теңдестірілген құраммен қамтамасыз етіледі.
Өсімдік препараттарын жасау – бұл көне заманнан келе жатқан өнер. «Хербион» препараттары дәстүрлі аюрведа рецептері бойынша жасалған. Мыңжылдықтың тәжірибесі мен дәстүрлеріне сүйене отырып, біз озық технологияларды қолдана отырып, заманауи дәрілік заттарды жасаймыз. Бұл дәстүр мен технологиялардың синтезі.
Herbion компаниясы өндірістік процестің барлық кезеңдерінде, шикізаттан дайын бұйымдарға дейін өз өнімдерінің сапасына үнемі қамқорлық жасайды. Өндіріс құралдары мен өндірілетін дәрілік препараттардың сапасы GMP халықаралық стандарттарына сәйкес келеді. Өндірісте сапаны бақылау бөлімі бар, онда жоғары білікті мамандар жұмыс істейді, барлық қажетті жабдықтармен жабдықталған, бұл сапаны тұрақты және тиімді бақылау мен стандарттауды жүргізуге мүмкіндік береді.
Өндірісте үнемі жаңартылып отыратын жабдықтар мен өндірістік процестердің қазіргі заманғы жоғары технологиялары қолданылады. Бағдарламалық қамтудың болуы барлық өндірістік операциялардың уақтылы және сапалы орындалуына кепілдік береді.
Компанияда заманауи, жақсы жабдықталған және дәрілік өсімдіктерді айырып алудың автоматтандырылған жүйесі бар. Дәрілік өсімдіктердің сұйық сығындыларынан алынған белсенді компоненттерін сақтау үшін вакуумдық кептіру жүзеге асырылады.
Технологиялық процестің әрбір кезеңінде тұрақты бақылаудың арқасында компания шығарылатын препараттардың сапасына кепілдік береді, бұл өзінің басты мақсаты – халықтың тиімді жоғары сапалы дәрілік заттарға қажеттілігін қанағаттандыруға мүмкіндік береді.
Компания бренді тарату, зерттеулер негізінде жаңа өнімді әзірлеу және жаңа нарықтарды ашу жолымен бар өнімдерді біріктірудің үздіксіз процесінде тұр. Қазіргі заманғы өндірістік бірлестік мәртебесін табысты көрсете отырып, компания GMP сертификатын, сондай-ақ ISO 9001-2008, ISO 14000, ISO 22000 және CE сертификаттарын алды. Барлық келтірілген фактілер жиынтығында «Хербион» компаниясына бүкіл әлем бойынша миллиондаған адал тұтынушылармен сенімді қарым-қатынас орнатуға және адалдық, сенімділік синонимі болып табылатын компания атануға мүмкіндік берді.