Линкас сироп без сахара

Линкас сироп без сахара

Линкас шәрбаты – әсері оның компоненттерінің қасиеттеріне негізделген кешенді препарат.

Тамырлы адхатод муколитикалық (секреттің қоюлығы мен тұтқырлығын төмендетеді), бронхолитикалық (бронхтар түйілуін басып, тыныс алуды жеңілдетеді), қақырық түсіретін және ентікпеге қарсы әсер етеді.

Ұзын бұрыш құрамында пиперин алкалоиды бар; антисептикалық, қабынуға қарсы және қақырық түсіретін әсері бар.

 

Жалпақ жапырақты кордия антисептикалық, ауыруды басатын және спазмолитикалық әсер береді.

Дәрілік жалбызтікен протектор ретінде әсер ете отырып,   тығыз қабыну өңезін (мысалы, көмейдің шырышты қабығындағы өңезді) жұмсартады, қақырықты түсіреді  және қабынуға қарсы әсер етеді.

Жалаң мия – тамырында және тамырсабағында глицирризин, глицирризин қышқылы, оның калий және кальций тұздары, флавон гликозидтері, витаминдер, эфир майы, ащы дәмді заттар және басқа қосылыстар бар. Олар иммунитет көтермелейтін, антиоксидантты, қақырық түсіретін, спазмолитикалық, қабынуға қарсы және аллергияға қарсы қасиеттерге ие.

Үлкен калган қақырықты бөліп шығаратын зат болып табылады. Құрамында эфир майлары, камферид, галангин және альпинин бар.

Дәрілік сайсағыз құрамында диосмин бар және қақырықты бөліп шығаратын, терлеткіш, аллергияға қарсы, спазмолитикалық және диуретикалық қасиеттері бар.

Жұпар шегіргүл микробқа қарсы әсер етеді. Ол ыстықты түсіретін (құрамында метилсалицилат бар), тыныштандыратын, спазмолитикалық және қабынуға қарсы қасиеттерге ие. Жөтелді жұмсартады, тітіркенуді басады және қақырықтың жылдам шығарылуына ықпал етеді.

Қарапайым зизифустың құрамында витаминдер (A, B, C, b-каротин), амин қышқылдары, микроэлементтер, майлар, органикалық қышқылдар бар.

Қақырық түсіретін, сергітетін және бактерияға қарсы қасиеттерге ие, тамақтың ауыруын азайтады. Жоғары тыныс жолдарының қабыну үдерістері кезінде (ларингитте, трахеитте, бронхитте) жұмсартқыш  және жөтелге қарсы әсер етеді.

Гүлқасындағы оносма – ыстықты түсіретін және сергітетін әсер береді, ентігудің азаюына ықпал етеді.

  • Жөтел қарқындылығын төмендетеді
  • Тұтқыр қақырықты сығып, оның шығарылуын тездетеді.
  • Қабынуға қарсы әсер етеді.
  • Дәмі жағымды.
  • Құрамында сахароза және спирт жоқ.

10 мл препараттың құрамында

белсенді заттар:

  • Тамырлы адхатод жапырақтарының қою сығындысы                        163.3 мг
  • Жалаң мия тамырларының қою сығындысы                                   17.3 мг
  • Ұзын бұрыш жемістерінің қою сығындысы                                     23.3 мг
  • Жұпар шегіргүл гүлдерінің қою сығындысы                                   5.6 мг
  • Дәрілік сайсағыз жапырақтарының қою сығындысы                          11.3 мг
  • Үлкен калган тамырларының қою сығындысы                                 17.7 мг
  • Жалпақ жапырақты кордия жемістернің қою сығындысы                  23.3 мг
  • Дәрілік жалбызтікен тұқымдарының қою сығындысы                         23.0 мг
  • Қарапайым зизифус жемістерінің қою сығындысы                              23.0 мг
  • Гүлқасындағы оносма жапырақтарының қою сығындысы                  23.0 мг
  • төменгі және жоғарғы тыныс жолдарының қақырық қиын бөлінетін жөтелмен қатар жүретін қабыну ауруларында

Ересектерге: 2 шай қасықтан (10 мл) күніне 3-4 рет

Балаларға: 6 айлықтан 3 жасқа дейін ½ шай қасықтан (2,5 мл) күніне 3 рет

3-тен 8 жасқа дейін 1 шай қасықтан (5 мл) күніне 3 рет

8-ден 18 жасқа дейін 2 шай қасықтан (10 мл) күніне 4 рет

Емделу курсы – 5-7 күн.

90 мл шәрбат шыны құтыда

Skip to toolbar
Developed by WEBKITCHEN agency