Инсти Макс

Инсти Макс

Қақырық түсіретін, муколитикалық, бронхолитикалық, қабынуға қарсы, ыстықты түсіретін және спазмолитикалық әсері бар кешенді  фитопрепарат.

1 пакеттің ішінде

белсенді заттар:

Ақ тал қабығы қою экстрактісі

Филлантус эмблика жемісінің қою экстрактісі

150.00 мг

80.00 мг

Тамырлы адхатода жапырақтарының қою экстрактісі 60.00 мг
Дәрілік сарбасқурай дәнінің қою экстрактісі

Жұпар шегіргүл жерүсті бөлігінің қою экстрактісі

 

33.00 мг

20.00 мг

Жалаң мия тамырлары қою экстрактісі 80.00 мг
Қытай шайы жапырақтарының қою экстрактісі 20.00 мг
Кәдімгі арамсарбас жемісінің қою экстрактісі 15.00 мг
Кәдімгі мыңжапырақтың жерүсті бөлігінің қою экстрактісі 20.00 мг
Дәрілік шүйгіншөп тамырлары қою экстрактісі

Жүзім жемістері өсіндісінің қою экстрактісі

100.00 мг

50.00 мг

қосымша заттар: кристалды ментол, натрий бензоаты, қант ұнтағы, қарақат хош иістендіргіші, калий сорбаты, эвкалипт майы

Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы

Жаншығанда шығатын жүзім иісі бар қоңыр түсті түйіршіктер

Жөтелмен, суықпен, тұмаумен, мұрынның бітелуімен және қызбамен бірге жүретін жалпы дімкәстікпен байланысты жоғарғы тыныс жолдарының инфекцияларында

Дозалау режимі

Ересектер мен 18 жастан асқан балалар

1 пакеттен күніне 2-3 рет.

3 жастан бастап балалар 1 сашеден күніне 1 рет

Пакет ішіндегісін бір стақан ыстық суда ерітіп және асықпай ішу керек.    Тамақтан кейін қабылдаған жөн. Қажет болса, ересек адамның дозасын күніне 4 ретке дейін арттыруға болады.

Енгізу әдісі мен жолы

Ішке қабылдау үшін.

Емдеу ұзақтығы

Емдеу курсы 7-8 күн

Артық дозалану жағдайында қабылдануы қажет шаралар

Ақпарат жоқ.

5.6 г түйіршіктер пакетте (саше).

5 және 10 пакеттен (саше) медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Skip to toolbar
Developed by WEBKITCHEN agency