Верона капсулы

Верона капсулы

Жатаған тамыртікен  құрамында стероидты сапониндер бар. Эндогенді тестостерон қалыптастыруды ұлғайту жолымен сперматогенезді көтермелейді, лютеиндеуші гормонның шығарылуын көтермелей отырып, Сертоли жасушалары мөлшерін арттырады. Ұрпақты болу функциясының қалпына келуіне, шәуһет көлемінің артуына және тұтқырлығы төмендеуіне ықпал етеді. Жыныстық құштарлықты жоғарылатады және эректильді функцияны жақсартады. Мезгілсіз ерте эякуляцияны болдырмайды. Тамыртікен сондай-ақ эстроген гормоны түзілуінің көтермеленуіне және артуына ықпал етеді, ол әйелдерде жыныстық құштарлықты жоғарылатады, овуляцияға жеңіл көтермелеуші әсері бар, сонысымен ұрпақты болу функциясын қалпына келтіреді. Жалпы көңіл-күйді жақсартады, шаршағыштықты, ашушаңдықты азайтады, дене және ақыл-ой жұмыстарына қабілеттілікті арттырады, зат алмасуды қалпына түсіреді.

 

Қысқы шие  жалпы сергітетін,      иммуномодуляциялайтын, антиоксидантты әсері бар.  Қуық асты безі мен ұрық қалтасы қызметін  ынталандырады. Эрекцияны жоғарылатады. Көңіл-күйді жақсартады.

Әдемі аргирея жалпы нығайтатын әсер береді, организмнің уақытынан ерте қартаю үдерісін баяулатады. Адаптогенді, сергітетін және диурездік әсерге ие.

Күйдіретін мукуна   жыныс функциясын реттеуге (бастапқы жағдайына байланысты сергітетін немесе тыныштандыратын) әсер етеді. Айқын жалпы сергіткіш қасиеттері бар.   Либидоның жоғарылауына ықпал етеді.

ВЕРОНА – еркектердің сексуалдық аясындағы функционалдық бұзылуларды емдеуге арналған құрылымы гормональді емес кешенді фитопрепарат.

  • Сперматогенезді көтермелейді
  • Ұрпақты болу функциясының қалпына келуіне, шәуһет көлемінің артуына және тұтқырлығы төмендеуіне ықпал етеді.
  • Жыныстық құштарлықты жоғарылатады
  • Эректильді функцияны жақсартады
  • Мезгілсіз ерте эякуляцияны болдырмайды.
  • Адаптогенді және жалпы сергіткіш әсер етеді.
  • Ағзаны спецификалық емес қорғау факторларына ынталандырушы әсер етеді.
  • Жалпы көңіл-күйді жақсартады, шаршағыштықты, ашушаңдықты азайтады, зат алмасуды қалпына түсіреді.

 

Бір капсуланың құрамында

белсенді заттар:

  • жатаған тамыртікен жемісінің қою экстрактісі                300.0 мг
  • қысқы шие тамырының қою экстрактісі                             100.0 мг
  • әдемі аргирея тұқымының қою экстрактісі                          60.0 мг
  • күйдіретін мукуна тұқымының қою экстрактісі                 25.0 мг

Астения кезінде, либидо төмендегенде күніне 1-2 капсуладан 4-6 апта бойы

Соматикалық аурулар аясында еркектерде жыныстық сферасындағы функционалдық бұзылыстарында –2 капсула күніне 2 рет 8 апта бойы

Импотенция – 2 капсула күніне 2 рет 8 апта бойы

Олигоспермия  – 2 капсула күніне 2 рет 8 апта бойы.

Капсуланы таңертеңгілік тамаққа дейін, кешке – ұйықтар алдында, ең дұрысы сүтпен ішіп, қабылдайды.

 

20 немесе 60 капсуладан

Skip to toolbar
Developed by WEBKITCHEN agency