Линкас Плющ сироп

Линкас Плющ сироп

Линкас Плющ – бұл өсімдік тектес дәрілік зат.

Қақырық түсіретін әсері асқазанның шырышты қабатының  тітіркенуімен болжамды негізделген, бронхтың шырышты қабатының секреторлы бронхиальді безді парасимпатикалық жүйенің сезімтал талшықтармен рефлекторлы көтермеленеді.

  • Жөтелді жеңілдетеді
  • Қақырықтың тұтқырлығын төмендетеді және оның шығуын жақсартады.
  • Жөтел кезінде кеуде қуысының ауырсынуын азайтады.
  • Бронхолитикалық, қақырық түсіретін, жөтелге қарсы және спазмолитикалық әсер етеді.
  • 5 мл шәрбаттың құрамындабелсенді затшырмауық жапырақтары ұнтақ экстрактісі – 35 мг
  • бөлініп шығуы қиын қақырықты жөтелмен қатар жүретін, тыныс жолдарының жедел және созылмалы қабыну ауруларын емдегенде қақырық түсіретін дәрі ретінде

Ересектер мен 11 жастан асқан балаларға  5 мл-ден (1 шай қасық) күніне 3 рет.

6-дан 11 жасқа дейінгі балаларға 5 мл-ден (1 шай қасық) күніне 2 рет.

2-ден 5 жасқа дейінгі балаларға 2,5 мл-ден (1/2 шай қасық) күніне 2 рет.

Немесе дәрігердің жазып беруі бойынша. Дозасын нақты өлшеуге арналған өлшегіш стақан қоса беріледі.

Емдеу ұзақтығы кем дегенде 7 күн. Сонымен қатар, толық жазылуын қамтамасыз ету үшін симптомдары тоқтағаннан кейін 2-3 күн бойы демеп отыруға болады.

Қолданар алдында шайқау керек.

Шәрбат 90,120,150 мл ден

Skip to toolbar
Developed by WEBKITCHEN agency