Бонджигар сироп 90 мл

Бонджигар сироп 90 мл

Бонджигар – кешенді өсімдік тектес препарат, фармакологиялық әсері оның құрамына кіретін гепатопротекторлық, қабынуға қарсы, уыттануға қарсы және өт айдайтын әсер беретін белсенді компоненттер кешеніне негізделген.

Ақ вербезин гепатоуыттылыққа қарсы қасиеттері бар.

Пикрорриза курроа гистаминге қарсы, қабынуға қарсы (тромбоциттер белсенділігін тежеу жолымен) әсер етеді, өт айдайтын және антиоксидантты әсер етеді, бұдан басқа иммуномодуляциялаушы  әсері бар.

Қара алқа тыныштандыратын, ауырғанды басатын, іш жүргізетін әсері бар.

Кәдімгі шашыратқы өт айдайтын, гепатопротекторлық әсері бар.

Тамарикс жыңғылы басқа гепатоқорғағыш  препараттар әсерін белсенділендіреді, қан тоқтатқыш қасиеті бар.

Егістік шомыр антиоксидант ретінде әсер етеді, гепатотроптық және өт айдағыш әсері бар, бауырдың уытсыздандыру қабілетін күшейтеді, метаболизм реттелуіне ықпал етеді.

Қылқанды бөріқарақат өт айдайтын, микробқа қарсы, диареяға қарсы әсері бар.

Жайылған берхавий гепатопротекторлық, ауырғанды басатын, несеп жүргізетін әсер береді.

Үнділік сферантус нығайтатын, тазартатын, сергітетін әсер береді.

Жалаң мия қабынуға қарсы, қақырық түсіретін, несеп жүргізетін әсері бар.

  • Бауырдың құрылымы мен қызметін қалыпқа келтіреді
  • Гепатоциттердің қалпына келуін ынталандырады
  • Өт іркілісін жояды (өт айдайтын әрекет))
  • Бауырды улы заттардың (алкоголь, дәрілік препараттар және т. б.) әсерінен қорғайды.)
  • Ас қорыту процесін жақсартуға ықпал етеді.

10 мл шәрбат құрамында

белсенді заттар:

  • 41.0 мг    ақ вербезин шөбінің қою экстрактісі
  • 38.0 мг    пикрорриза курроа тамырсабақтары мен тамырларының

қою экстрактісі

  • 32.0 мг    қара алқа тұқымы мен жемістерінің қою экстрактісі
  • 75.0 мг    кәдімгі шашыратқы тұқымдарының қою экстрактісі
  • 6.7 мг      жалаң мия тамырының қою экстрактісі
  • 44.66 мг  тамарикс жыңғылы жемістерінің  қою экстрактісі
  • 24.3 мг    егістік шомыр тұқымдарының қою экстрактісі
  • 18.0 мг    қылқанды бөріқарақат жемістерінің  қою экстрактісі
  • 12.0 мг    үнділік сферантус шөбінің қою экстрактісі
  • 9.0 мг      жайылған берхавий  шөптерінің қою экстрактісі
  • өт шығару жолдарының дискинезиясында
  • жедел және созылмалы холециститте
  • түрлі этиологиядағы жедел және созылмалы гепатиттерде, химиялық заттар мен дәрілік препараттардың жағымсыз әсерлері туындатқан уытты гепатитте
  • майлы гепатозда (оның ішінде қант диабетінде)
  • бауыр циррозында
  • алкоголизм мен нашақорлықты емдеу кезіндегі қосымша емде

90 мл препараттан

Skip to toolbar
Developed by WEBKITCHEN agency